Астанада жыл басынан 3,7 мың адам коронавирусқа шалдықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –2021 жылдың қаңтар айының басынан бері елордада коронавирус инфекциясының 3 763 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада жыл басынан 3,7 мың адам коронавирусқа шалдықты

«Уақытылы қабылданған шектеу және карантиндік шаралардың арқасында 30 қаңтардан бастап COVID-19 инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес қала сары аймаққа көшті. Алайда, қалада барлық жастағы және контенгенттегі тұрғындар арасында COVID-19 жағдайлары тіркелуде. 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда ауры 1,5 есеге немесе 35 пайызға өсуі байқалады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің айтуынша, 2021 жылдың қаңтар айының басынан бері 3 763 жағдай тіркелді. Бір тәулікте инфекцияның 61 жағдайы тіркеліп отыр.

«Оның ішінде симптоммен - 44, симптомсыз - 17. 65 ошақ анықталды, 49-ы - үй, 16-сы - ұйымдастырылған. Астаналықтар арасында ауырғандардың 24,5 пайызын 30-39 жастағы адамдар құрайды. 50 мен одан жоғары жастағы адамдар – 22,7 пайыз, 18-19 және 40-49 жастағы топтар бойынша - 16-ы пайыздан, балалар - 16,7 пайыз», - деді Сархат Бейсенова.