Астанада жыл басынан 900-ден астам төтенше жағдай орын алды

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада жыл басынан бері  289 адам зардап шегіп, 59 адам көз жұмған  909  төтенше жағдай орын алды.
None
None

Бұл туралы  қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап, Астана қаласының ресми сайты хабарлады.

«Төтенше жағдайлардың негізі - 625 оқиғасы (немесе жалпы санның  69 пайызы)  өртке байланысты. Одан 56 адам зардап шегіп, 14 адам көз жұмды», - дейді Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.

Ведомстводан хабарлағанындай,  өрт шығудың негізгі себептері - отты дұрыс пайдаланбау, электр құралдары мен  желілерін пайдалануда өрескел қателіктерге жол беру, қауіпсіздік ережелерін бұзу, сондай-ақ  жарамсыз пештерге от жағып, өрт қауіпсіздігін сақтамау болып табылады. 

Қатты отынмен жанатын пештердің  ақаулығы түтінмен уланып қалуға жиі әкеліп соқтырады, кісі өлімі де жоқ емес. Олардың арасында бір отбасының түгел иіс тиіп, көз жұмған оқиғасы да бар.

Соңғы жаңалықтар