Астанада жыл басынан анықталған АИТВ-ны жұқтыру оқиғаларының 10 пайызға жуығын мигранттар құрайды

АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Астана қаласында 2013 жылдың бірінші тоқсанында АИТВ инфекциясына шалдығудың жаңадан 31 дерегі тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 оқиғаға көп. Бұл туралы Астана қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының баспасөз қызметі мәлім етті.
None
None

Астанада 2013 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, өсім қарқынымен індетті жұқтырудың 613 фактісі тіркелді. Елордада Қазақстан Республикасының өзге өңірлерінде сияқты ВИЧ инфекциясы халықтың осал тобының арасында шоғырланған, ең алдымен, есірткіні қан арқылы пайдаланатын нашақорлар арасында. Бей-берекетсіз жыныстық қатынаспен өмір сүретіндер, жыныстық қатынастарды ұсынатын тұлғалар, бас бостандығынан айыру мекемелерінде отырғандар сондай-ақ, жұқпаға шалдыққандардың жартысынан астамын құрап отыр. Инфекцияны жұқтырғандардың денін ерлер құрайды.

Соңғы жылдары инфекцияның жыныстық жолдармен берілуі қарқын алуда. Вирустың бұл жолмен таралуы 2013 жылдың бірінші тоқсанында анықталған барлық оқиғаның 45,2 пайызын құрады. Қалалық ЖИТС Орталығы мамандарының айтуынша, бұл - АИТВ-мәртебесі бар нашақорлармен немесе бей-берекетсіз жыныстық байланыспен өмір сүретіндермен қатынаста болған әйелдердің эпидүдеріске енуімен байланысты. Індетті жұқтырғандардың жалпы санының 50 пайызын жұмыс істемейтіндер құрайды.

«Сондай-ақ Астанадағы эпидемиологиялық жағдайға көші-қон үдерісі ықпал етуде. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жаңадан тіркелген оқиғалардың 9,7 пайызын елордаға уақытша немесе тұрақты тұру үшін келгендер, олардың арасында алыс және жақын шет елдерден ат арылтқандар бар», - дейді мамандар.

ЖИТС Орталығының мамандары жазғы маусымда бас қалаға шет елдерден еңбек мигранттарының көптеп ағылуымен АИТВ/ЖИТС бойынша ахуалдың өрши түсетінін жоққа шығармайды. Осы ретте, Орталықтың эпидемиолог-дәрігерлері АИТВ/ЖИТС бойынша ақпараттандырылуды арттыру мақсатында ойын-сауық мекемелерінде (түнгі клубтар, кинотеатрлар, дәмхана, мейрамханалар), спорттық кешендерде, қызмет көрсету орындарында, өндіріс орындарында болып, қызметкерлермен дәрістер өткізуде.

Эпидемиолог-дәрігерлер Астана қ. ЖИТС Орталығында Достық кабинеті, Сенім бекеті, Психо-әлеуметтік көмек көрсету және АИТВ-ға жасырын тестілеу кабинеті жұмыс істейтіндігін еске салады. Сондай-ақ Орталықтың www.astana-aids.kz ресми сайтына толғандырған мәселелер бойынша сауалдар жолдауға, (87172) 38 15 85 сенім телефон нөмірі арқылы Орталық дәрігерлерімен тікелей тілдесуге болады.

Соңғы жаңалықтар