Астанада жыл сайынғы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22-ші тамыз бен қыркүйектің 22-сі аралығында апта сайын демалыс күндері (сенбі, жексенбі) Астана қаласындағы «MEGA» ойын-сауық орталығы алдында ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Астанада жыл сайынғы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталмақ

22 тамыз күні Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі. Жәрмеңке сағат 10:00-18:00 аралығында жұмыс істейді. Жәрмеңкедегі тауарлар нарықтағы бағадан арзан сатылады. Сатуға шығарылатын тауар түрлері: картоп, сарымсақ, қияр, қызанақ, баклажан, қауын, қарбыз, сүт өнімдері.