Астанада жыл сайынғы мектеп жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Астана қаласының ескі орталық алаңында 27 және 28 тамыз күндері жыл сайынғы мектеп жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңке барысында 20 сауда орны ұйымдастырылып, оларда кеңсе заттары, мектеп киімдері, аяқ киімдер, кітаптар, арқа сөмкелері және мектепке қажетті көптеген өзге де заттар сатылатын болады. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, олардың бағалары нарықтағыдан 10-25 пайызға арзан болады.
Онымен бірге, жәрмеңкеде Астана мен Қарағанды қалаларының қоғамдық тамақтану саласындағы ірі кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынады (барлығы 5 кәсіпорын).
Шараны ұйымдастырушылар - Астана қаласының Білім басқармасы мен Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.