Астанада жыл соңына дейін 5 жаңа қонақ үй ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жыл соңына дейін жаңа қонақ үй мен мейрамхана кешені, сондай-ақ, бірқатар сауда-логистикалық орталықтар ашылады. Бұл туралы Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Астанада жыл соңына дейін 5 жаңа қонақ үй ашылады

Кәсіпкерлік және өнерксіп басқармасы таратқан мәліметке сүйенсек, жыл соңына дейін Қорғалжын тас жолы, Б.Момышұлы даңғылы, Оңтүстік-шығыс тұрғын алабы, Мәскеу көшесінде 5 қонақ үй және мейрамхана кешені іске қосылады.

Сонымен қатар, «Астық логистик» ЖШС, «Жасылтас» ЖШС, «Astana food trade» ЖШС сияқты бірқатар сауда-логистикалық орталық өз жұмысын бастамақ.