Астанада жыл соңына дейін 650 көлік такси қызметіне қосылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 2017 жылға дейін такси қызметіне 150-ге жуық көлік пайдалануға беріледі, деп хабарлады astana.kz.
Қазіргі уақытта жолаушылар тасымалымен айналысатын компания қарамағында 570 автокөлік бар. Жыл соңына дейін олардың санын 650 бірлікке көбейту жоспарланған. Ал, 2017 жылы олардың санын 1500-ге жеткізу жоспарланған. Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізетін уақыт жақындап келеді. Ол кезде Астанаға келетін қонақтардың саны еселене түседі. Мұндай атаулы шараға дайындық былтырдан басталып, «Эко такси» жүре бастаған болатын. Газбен жүретін бұл көліктер елімізде жасалып шығарылған. Қазір астаналықтарға 100 экологиялық такси қызмет етіп жүр. 2017 жылға дейін олардың қатары 600-ге дейін артады.