Астанада жыл соңына дейін екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жаңа оқу жылының басында бес жаңа мектеп өз жұмысын бастады. Қазіргі кезде бұл білім ордаларында 6 мыңнан астам бала оқуда. Ал жыл соңына дейін тағы да екі мектептің құрылысы аяқталмақ.

Астанада жыл соңына дейін екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Астана қалалық Құрылыс басқармасының хабарлауынша, мектептердің бірі Есілдің сол жағалауында (№4 шағынауданда, №19 көшенің оңтүстігінде), екіншісі Комсомол тұрғын үй кешенінде орналасқан. Жоспар бойынша нысандар үстіміздегі жылдың қараша айында аяқталып, тапсырылады. Осылайша, 2 400 оқушы 2015 жылдың басында жаңа мектептердің табалдырығын аттайды. Жаңа мектептердің ашылуы елорда тұрғындары үшін аса маңызды. Бұл қаланың жаңа аудандарында тұрып жатқан оқушыларды тең бөліп, оқу сыныптарындағы жүктемелерді азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.