Астанада жыл соңына дейін жаңа 9 балабақша пайдалануға беріледі - И.Тасмағамбетов
АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Елордада жыл соңына дейін мектепке дейінгі 9 мекемені және балабақшаларға жапсарлас салынған 2 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.
Бұл туралы өзінің жеке блогында қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берген Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
Сонымен, қала басшысы пайдалануға беріледі деген балабақшалар мыналар:
1. Пригородный тұрғын үй алқабы ауданында, Сарытоғай көшесі бойында орналасқан 280 орындық балабақша. 2012 жылдың қарашасында пайдалануға беру жоспарланған.
2. №14 көше ауданында орналасқан балабақша - 2012 жылдың қарашасы.
3. №14 көше ауданында (Жұмабаев көшесінен оңтүстік-батысқа қарай) орналасқан балабақша - 2012 жылдың қарашасы.
4. Сарайшық көшесінің оңтүстігіне, Жұмабаев көшесінің шығысына қарай орналасқан 280 орындық балабақша - 2012 жылдың 30 маусымы.
5. Сарайшық көшесінің оңтүстігіне қарай орналасқан 240 орындық балабақша - 2012 жылдың 30 маусымы.
6. С.Сейфуллин көшесінің оңтүстігіне қарай орналасқан 240 орындық балабақша - 2012 жылдың 30 шілдесі.
7. Есіл өзенінің сол жағалауында №3 шағын ауданда орналасқан 240 орындық балабақша - 2012 жылдың тамызы.
8. Интернациональный ауылындағы 240 орындық балабақша - 2012 жылдың тамызы.
9. Көктал-2 тұрғын алқабындағы 240 орындық балабақша - 2012 жылдың желтоқсаны.
10. Біржан сал көшесі бойында орналасқан №4 «Рябинка» балабақшасына жапсарлас нысан - 2012 жылдың қарашасы.
11. №4 шағын ауданда Мирзоян мен Петров көшелері бойынша орналасқан №9 «Журавушка» балабақшасына жапсарлас нысан - 2012 жылдың шілдесі.
Сонымен қатар елорда әкімінің жазуынша, Дауылпаз бен Ақыртас көшелерінің қиылысы ауданында тағы бір балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Оның құрылысын 2013 жылдың наурызында аяқтау жоспарланған.