Астанада жылдың соңына дейін тағы 5 қолжетімді тұрғын үй пайдалануға беріледі - әкім орынбасары С.Хорошун

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың соңына дейін біз «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында тағы 5 тұрғын үй кешенін пайдалануға беретін боламыз. Бұл туралы Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәлім етті.

 Астанада жылдың соңына дейін тағы 5 қолжетімді тұрғын үй пайдалануға беріледі - әкім орынбасары С.Хорошун

Оның хабарлауынша, осы уақытқа дейін Астанада тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша 420 пәтерлі бір көппәтерлі үй пайдалануға берілді. Оған қоса, жалпы 1633 пәтері бар 8 тұрғын үйдің құрылысы атқарылып жатыр. «Ағымдағы жылдың аяғына дейін біз тағы 5 үйді пайдалануға беруді көздеп отырмыз. Мемлекеттік комиссия екі нысанның актісін осы айда рәсімдесе, келесі айда - бір, ал желтоқсанда тағы екі тұрғын үйдің құжаттарына қол қойылады», - дейді С.Хорошун.

Әкім орынбасары атап көрсеткендей, Астанада пайдалануға берілетін баспана көлемінің азаюы тұрғын үй кешендерінің бәрін толыққанды дайын күйінде қабылдау талаптарын енгізумен тығыз байланысты.