Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада жылу беру маусымы 3 қазанда басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша жылу беру маусымы 3 қазанда басталады.

Астанада жылу беру маусымы 3 қазанда басталады

Айта кетейік, Астана қаласы жергілікті атқарушы органының жылыту маусымын бастау жөніндегі шешімі ауа температурасы бес тәулік бойы +10º С төмен деңгейде сақталса, қабылданады.

Ол ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Астана қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 249/36-V шешімімен бекітілген Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасына орай жүзеге асырылады, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.