Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада жылу беру маусымы аяқталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, 29 сәуірде елордадағы ауа температурасы түнде 0,-2°С, күндіз +11+13°С көрсетеді. Ал 30 сәуірде түнде +1+3°С, күндіз +16+18°С дейін жетеді. Осылайша тәуліктік орташа температураның тұрақталуына орай Астанада 1 мамырға қарай кезең-кезеңмен 2013-2014 жылдардағы жылу беру маусымы аяқталады.

Астанада жылу беру маусымы аяқталады

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында жазады. «Биылғы жылу беру маусымы сәтті өтті. Бұл маусымда 2 млн.тонна көмір жақтық. Қалаға 4,5 тонна Гкал жылу берілді», - дейді «АстанаЭнергоСервис» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жұпархан Қарханбай. Жылыту маусымында энергия көздері 2 млн (1 939 мың) тонна көмір (28 943 вагон), 20 327 тонна мазут (376 цистерна) пайдаланған. Энергия көздері бойынша бірінші деңгейлі технологиялық құрал және жылу жүйелерінде жоспардан тыс ажыратулар болмаған. Тіпті, өткен маусымдарға қарағанда электр желілеріндегі апат 5% азайған. Қазір энергетикалық кәсіпорындар алдағы жылыту маусымына дайындықты бастады.