Астанада жылу беру маусымы аяқталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жылу беру маусымы аяқталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Астана қаласының жергілікті атқарушы органы жылыту маусымын аяқтау туралы шешімді орташа тәуліктік сыртқы ауа температурасы тұрақты түрде күнтізбелік бес күн бойы плюс 10 °С-ты көрсеткен жағдайда қабылдайды.
Энергия жеткізуші ұйымдар үш күн бойы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұтынушыларға жылыту мерзімінің аяқталуы туралы және жылыту жүйесін өшірудің қажеттілігі жайлы хабарландырып, жылу тұтыну жүйесін өшіру актісін рәсімдейді.
«Жылумен қамтамасыз ету жүйесін кезеңімен өшіру жұмыстары 20 сәуірден басталады», - деп атап өтті Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.