Астанада жылу беру маусымында ең көп шағым түсірген - мембағдарлама бойынша баспана алғандар

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Қыс маусымында мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің тұрғындары жылумен қамтамасыз ету қызметіне ең көп шағым түсірген.

Астанада жылу беру маусымында ең көп шағым түсірген - мембағдарлама бойынша баспана алғандар

Бұл туралы бүгін Астанада күзгі-қысқы маусымның аяқталуына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде қала әкімінің орынбасары Василий Крылов мәлім етті.

«Жалпы өткен кезең бойынша тұрғын үй инспекциясы басқармасына 1821 арыз-шағым түскен, оның 45-і пәтерлердегі жылуға қатысты болды. Олардың дені - мембағдарлама бойынша салынған үйлердің тұрғындары», - деді әкім орынбасары.