14:13, 18 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Астанада жылу энергиясының тарифі өседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы қазанда Астанада жылу энергиясын өндіру мен жеткізудің тарифін өсіру жоспарланып отыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне елорда әкімдігінің энергетика басқармасынан мәлім етті.
«2017 жылдың 1 қазанынан бастап жылу энергиясын өнідіру мен беруге тариф өседі деп күтілуде. Атап айтқанда, жылу қуатын өндіруге тариф 15 пайызға, ал жылуды беруге 5 пайызға өседі», - деп нақтыланған әкімдік мәліметінде.
Айта кетейік, тарифті көтеру 2017 жылдың маусымында Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаментінің бұйрығымен бекітілді.