08:25, 28 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Астанада жылу магистралін жөндеу кезінде жұмысшы тоққа түсіп мерт болды
АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - Астанада жылу магистралінде өндірістік жұмыстарды жүргізу барысында бір жұмысшы тоққа түсіп мерт болды.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.
Оқиға Алматы ауданы, Мұңайтпасов пен Абылайхан көшелерінің қиылысында кеше, қыркүйектің 27-сі күні түскі 12 шамасында орын алды. «Заленский» Жекеменшік кәсіпкерлігінің 30 жастағы жұмысшысы тілге келместен сол орында көз жұмды.