Астанада жылу мерзімінен бұрын берілуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінен мәлім еткендей, қазіргі уақытта елордада энергия көздері, инженерлік желілер мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандары 2017/18 жылдарғы жылыту маусымын бастауға дайын. 
None
None

Астана қаласында Жылыту маусымын өткізу ережелеріне сәйкес, сыртқы ауа температурасы орташа +10 градус және одан төмен болса, жергілікті  атқарушы орган бес тәулік ішінде жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылдайды. Осы Ережеге сәйкес, елордада жылыту маусымы 27 қыркүйекте басталады. Алайда сыртқы ауа температурасының өсуімен бұл мерзім қайта түзетілуі мүмкін.

Дегенмен, қазіргі уақытта әлеуметтік, мәдени нысандарға (балалар бақшалары, мектептер, сондай-ақ денсаулық сақтау нысандары) жылу беру жүзеге асырылуда.

Қала әкімдігі ПИК өтінімі бойынша дайындық паспорттары болған жағдайда жекелеген тұрғын үйлерге жылу беруге дайын. 

Еске салайық, 2016 жылы Астанада жылыту маусымы 1 қазанда басталды.

Бұған дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі хабарлағандай , биыл Қазақстанда барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік нысандарды 2017-2018 жылғы жылыту маусымына дайындықты аяқтау ағымдағы жылдың 15 қазанына жоспарланған.

 

 

Соңғы жаңалықтар