Астанада жылу, су және электр тартуға техникалық шарттарды алу жеңілдетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлермен кездесу барысында елорда әкімі Әсет Исекешев жылу, су және электроэнергиясына техникалық шарттар алу процедурасы жеңілдетілетінін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға  сілтеме жасап.

Астанада жылу, су және электр тартуға техникалық шарттарды алу жеңілдетіледі

«Қазір біз барлық жүйені сканерлеп жатырмыз. Содан кейін жүйелердің электронды базасы қалыптасады. 2018 жылы бизнес техникалық шарттарды монополистке байланыстырылмастан ала алады», - деді қала басшысы.

Оның айтуынша, бұл осы саладағы жариялылық мәселесін шешетін болады.