Астанада жылу желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелер жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Энергетика басқармасының хабарлауынша, 17-23 қыркүйекте жылу магистралін қалпына келтіру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге байланысты Ш. Уәлиханов және Ж. Омаров көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы тоқтатылады.

Астанада жылу желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелер жабылады

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ, инженерлік жүйелерді 2015-2016 жылғы жылыту маусымына дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда Республика даңғылы және Ы. Дүкенұлы көшесінің қиылысында (ТМ-5 жылу магистралін қалпына келтіру) көлік қозғалысы тоқтатылды. Барлық жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес орындалады.