Астанада жылына 20 мыңға жуық ағаш отырғызылады - И.Тасмағамбетов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жылына 20 мыңға жуық ағаш отырғызылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Біз таза қала үшін» атты жалпықалалық сенбілік кезінде қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов айтты, деп хабарлайды astana.kz.
None
None

Сенбілікке қала тұрғындарын Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов бастап шықты. Оның айтуынша, бүгін 7 мыңға жуық ағаш пен бұта отырғызылды.

«Бәрін де сөзбен ғана емес, нақты іспен де дәлелдеу керек. Егер жылына бірнеше рет қана сенбілікке шығып, ағаш отырғызсаң, кейіннен осы бақтың жанынан өтіп бара жатып мұнда мен отырғызған ағаш өсіп жатыр деп ойлағанда, қуанбайсың ба?! Бүгін 7 мыңға жуық ағаш пен бұта отырғызылады. Елордада жылына 20 мыңға жуық ағаш отырғызылады»,- деді әкім.

Бұл ретте қала басшысы Астананың климаты қатал екендігін атап өтті. Бұған қарамастан елордалық коммуналдық қызметтердің арқасында Астана өсіп-өніп, көгалдандырылуда.

«Астана қаласының бастамасымен 65 мың гектар жерге ағаш отырғызылғанын білетін шығарсыздар. Қазір өз қолымызбен жасаған үлкен орманымыз бар. Әрине, қаланың климаты, экологиясы және жалпы жергілікті адамдардың көңіл күйі де осы ағаштардың көп болуына байланысты екені сөзсіз»,- деді қала басшысы.

Айта кетерлігі, бүгін елорда көшелерінде 120 жуық тиегіш пен 340 жүк көлігі, барлығы 460 көлік пен басқа да мамандандырылған техника жұмыс істеді. Сенбілік барысында қаладан 2,5 мың тонна қоқыс шығарылып, жалпы ауданы 491,4 га саябақ пен 220 гүлзар тазартылады. Жалпы, жалпықалалық сенбілікке 93 мыңнан астам адам қатысты.

Соңғы жаңалықтар