Астанада жылына 25 тонна алтын, 50 тонна күміс өндіретін аффинаж зауытының құрылысы басталды

None
None
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат -Астанада жобалық қуаты жылына 25 тонна алтын және 50 тонна күміс болатын аффинаж зауытының құрылысы басталды.

 Бүгін елордада өткен Индустриялық форум барысында Елбасы Н.Назарбаев аталған нысанның құрылысын бастауға рұқсат берді.

Аталған зауыт елорданың  нығаюына және экономикалық өсуіне ықпал ететін болады. Зауыт негізінен алтын кенін құймаға айналдыру жұмыстарымен айналыспақ. Зауыт 2013 жылдың ІV тоқсанында толық салынып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Телекөпір барысында ҚР Президенті Н.Назарбаев Астанадағы аффинаж зауытының құрылысын бастауға  рұқсат берді.

«Аффинаж зауытының құрылысы» инвестициялық жобасы Астанадағы «Астана-жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылады. Оны жүзеге асыру аясында 40 серпінді жоба әзірленген, 2,5 жылда оның құны 16 млрд теңгені құрайтын  6 жобасы іске асырылды.

Соңғы жаңалықтар