Астанада жылыту маусымы 20 сәуірге дейін ұзартылды
АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада жылыту маусымы 20 сәуірден кейін аяқталады.
Бұл туралы бүгін Астанада 2012-2013 жылғы жылыту маусымының қортындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісте қала әкімінің орынбасары Василий Крылов мәлім етті.
«Бүгінгі таңда ауа температурасының көрсеткіштері жылыту маусымын аяқтауға мүмкіндік беріп тұр. Дегенмен, 15-20 сәуір күндері ауа температурасы түнгі мезгілдерде 0 градусқа дейін суытады деп күтілуде. Сондықтан әзірге біз жылыту маусымын аяқтамаймыз»,- деді В.Крылов.