Астанада жылыту маусымы 202 күнге жалғасты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жылыту маусымының қортындысы шығарылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.
Елордада жылыту маусымы 2016 жылдың 1 қазанынан 2017 жылдың 20 сәуіріне дейінгі аралықта 202 күнге жалғасты.
Электр көздерінде электр энергиясы 2016 жылдың 8 желтоқсанында ең көп өндірілген. (485 МВт/ч), ал жылу энергиясының ең көп жіберілген кезі 2017 жылдың 10 ақпанында тіркелген. (1 955 Гкал/ч). 2496 мың тонна көмір және 7 318 тонна мазут шығындалған.
Энергия көздерінде І дәрежедегі апаттар мен ақаулар орын алмаған, ІІ деңгейдегі - 21 апатты жағдай тіркелген. ЖЭС - 1-де - 5 ақау болса, ЖЭС-2-де 16 рет істен шыққан. Жылу желілерінде І және ІІ дәрежедегі апаттар тіркелмеген.
Ал, жылыту маусымында электр желілерінде ең ауыр салмақ 2016 жылдың 21 қарашасында (631 МВт) болған. Астаналық энерготораптың энергоүнемдеуі ЖЭС-2 және Қазақстанның ЕЭО-нан жүзеге асырылады.
Жылыту маусымы кезінде электермен қамту желілерінде 339 апатты өшіп қалу тіркелген. Оның ішінде 100 авария бөтен ұйымдардың кінәсінен болған. Бұдан бөлек «Астана-РЭК» АҚ желілерінде - 260 авариялық жағдайлар болған (өзге мекемелердің кінәсінен - 86) Тұтынушылар желілерінде - 79 апат тіркелді.