Астанада жылыту маусымы қазанда басталады, күннің суытуына байланысты мерзім өзгертілуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Астанада тұрғын үйлерді және әлеуметтік нысандарды жылыту маусымына дайындау бойынша жыл сайынғы жұмыстар жандандырылды.
Бұл бағытта Алматы ауданында жұмыстар қарқынды жүруде. Аудан әкімі аппаратынан astana.kz хабарлағандай, мұндағы 1035 көп пәтерлі тұрғын үйдің 830 жылыту маусымына толығымен дайын.
Дайындық барысында 43 үйдің төбе жабындысы жөнделді, 37 үйдің жылумен қамту жүйелері және 12 үйде жылу алмастыру қондырғылары ауыстырылды, 80 үйдің су және кәріз құбырлары, 60 үйдің электр жүйелері жөнделді.
Сондай-ақ, 140 кіреберіс жөнделді, 35 тұрғын үйде су енгізу құбырлары ауыстырылды, 31 үйде су есептеу, 245 тұрғын үйде жалпыға ортақ жылу есептеу құралдары орнатылды.
Қысқа дайындық жұмыстары ауданның әлеуметтік нысандарында да жүргізілуде.
Бүгінде 16 денсаулық сақтау мекемесінің 12-сі, 65 білім беру мекемесінің 58-і және 4 мәдениет орталығының біреуі дайындық жұмыстарын аяқтады.
Ведомствоның хабарлауынша, барлық жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады және 1 қыркүйекке дейін толығымен