Астанада жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталды

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2012-2013 жылдар бойынша жылыту маусымында сумен қамтамасыз ету және кәріздендіруге дайындық жұмыстарын аяқтады.
None
None

   Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметінен хабарланды.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, сумен қамтамасыз етудің басты көзі жалпы көлемі 248,9 млн. шақырым текшеметрді құрайтын Астана су қоймасы болып табылады. Ал елордада сумен қамтамасыз ету қызметін 192 607 жеке тұлға, 6 177 заңды тұлға, оның ішінде 91 білім беру нысандары, 66 балалар бақшасы, 50 денсаулық сақтау нысандары тұтынады. Сонымен қатар, қазіргі таңда астанадағы 115 801 пәтерде 294 166 дана суды есепке алудың жеке құралдары орнатылған. Бұл суды үнемдеу көлемі мен сараланған тарифтер бойынша қаражат төлеуге барынша ықпал етеді.

Бұдан бөлек, бұған дейін су құбыры желілерінде тазарту жұмыстары жүргізіліп, 14,7 шақырым құбыр желілері ауыстырылған.  Су құбырларының  121 метріне жылу изоляциялары жүргізілген. «Қазіргі уақытта су құбыры және кәріздің барлық сыртқы желілері қысқы маусымдық жұмысқа сақадай сай», - делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар