Астанада жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарата - Астана қаласы Энергетика басқармасының хабарлауынша, «Астана-Энергия» АҚ ЖЭО-1 жөндеу жұмыстарына төрт нысанның түбегейлі жөндеу жұмыстары кіреді. Бүгінгі күні 3 нысанның жөндеу жұмыстары аяқталды (№ 1, № 10 қазандық агрегаты және № 3 турбоагрегаты). №2 қазандық агрегатын түбегейлі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмыстарды 10 қыркүйекке дейін бітіру жоспарланған.
None
None

Көмекші құралды түбегейлі жөндеу кесте бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге, ЖЭО-2 станциясында №3 қазандық агрегатының жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстың 92% жасалды және 25 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда. №2 турбоагрегатының түбегейлі жөндеу жұмыстарына 12 тамыздан бастап кірісіп, ағымдағы жылдың қазанында бітіру көзделіп отыр.

«Астана-Энергия» АҚ жөндеу компаниясы алты аудандық қазандықта негізгі құралдың түбегейлі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. ЖЭО-1 құрылғыларын жөндеу жұмыстары 75% орындалды, ЖЭО-2 76 %, аудандық қазандықтар бойынша 65% жұмыс аяқталды.

Сонымен бірге, энергия көздері бойынша отынды жоспарлы жинау жалғасуда. 2015 жылы 10 тамыздағы көрсеткіш бойынша отын қоры: ЖЭО-1: көмір - 31,8 мың тонна, мазут - 8,3 мың тонна; ЖЭО-2: көмір - 86,8 мың тонна, мазут - 625 тонна.

«Астана-Энергия» АҚ мен «Богатырь Көмір» ЖШС арасында 3 057 600 тонна көмір жеткізуге келісімшарт жасалды, оның ішінде ЖЭО-2 - 2 652 650 тонна, ЖЭО-1 - 404 950 тонна. Алдағы жылыту маусымына қарай отынның нормативті қоры жиналады.

«Астана-Энергия» АҚ 2015-2016 жылғы жылыту маусымына дайындығы 59% құрайды. Жөндеу бағдарламалары бекітілген уақытта жылыту маусымының басына дейін орындалады, деп хабарлайды astana.gov.kz

Соңғы жаңалықтар
Референдум