Астанада жылжымайтын мүлікті тіркеудегі заң бұзушылығы үшін үш нотариусқа 832 мың 440 теңге айыппұл салынды
Департамент басшысының айтуынша, «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2015 жылдың қаңтар айынан нотариустар мемлекеттік тіркеуді электрондық негізде жүзеге асырып келеді.
«Осыған байланысты қалалық Әділет департаменті жылжымайтын мүлікке құқықты электрондық тіркеу саласындағы мемлекеттік қызмет сапасына ұдайы мониторинг жүргізу үстінде. Бұл ретте жылжымайтын мүлікті электрондық тіркеу барысындағы заңнама бұзғандығы туралы 2015 жылдың басынан бері Нотариалды палатаға 73 ұсыным енгізілді, үш нотариуске Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 214 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 832 440 сомасына айыппұл салынды», - деді Қанат Мусин.
Келтірілген мәліметтерге қарағанда, бүгінгі таңда Астана қаласында жекеменшік 667 нотариус нотариаттық қызметтер көрсетіп келеді. Елорданың барлық аудандары нотариалдық қызметтермен қамтылған.