Астанада зиялы қауым өкілдері «Қазақ хандығына 550 жыл: тарихи, идеологиялық өлшемдері» тақырыбын талқыламақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдық мәселелерді зиялы қауым өкілдері мен белгілі сарапшылардың қатысуымен талқылауды дәстүрге айналдырған «Аманат» интеллектуалды пікір сайыс клубы жұмысын қайта жалғастырады, деп хабарлады клуб отырысын ұйымдастырушылар.

Астанада зиялы қауым өкілдері «Қазақ хандығына 550 жыл: тарихи, идеологиялық өлшемдері» тақырыбын талқыламақ

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайындағы Халықаралық Түркі академиясының кітапханасында өтетін клубтың жаңа маусымдағы алғашқы тақырыбы «Қазақ хандығына 550 жыл: тарихи, идеологиялық өлшемдері» деп аталады.

«Қазақ хандығының 550 жылдығы» тақырыбы қоғамда қызу талқылана бастады. Елбасының ұсынысын мемлекеттік идеология тұрғыда қалай жүзеге асыруымыз керек? Осы мәселені кеңірек ортаға салу мақсатында «Аманат» клубы елімізге белгілі тарихшы ғалымдар, сарапшылар, мемлекеттік қызметкерлер мен депутаттар шақырылып отыр. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жиынға Бүркіт Аяған, Дархан Қыдырәлі, Сұлтанхан Аққұлұлы, Ерлан Қарин, Берік Уәли, Зиябек Қабылдинов, Жамбыл Артықбаев, Алмас Тұртаев қатысады. т.б. қатысып, пікір алмасады.