Астанада зиянды заттардың 97% жуығы зарарсыздандырылды

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Елордада үстіміздегі жылдың 1 жартыжылдығында жалпы ластаушы көздерден шыққан ластағыш заттардан 96,4%-зы зарарсыздандырылды, соның ішінде 0,4% пайдаға асырылды. Бұл туралы қалалық Статистика департаментіне сілтеме жасап astana.kz хабарлады.
None
None

«2013 жылғы 1 жартыжылдықта қала бойынша атмосфералық ауаға тұрақты көздерден 34,4 мың тонна көлемінде зиянды заттар шығарылды. Атмосфераға ластағыш заттар шығару туралы ақпарат берген 478 кәсіпорында 5107 тұрақты көздер тіркелді, соның ішінде 68,2% (3481) ұйымдастырылған болып саналады. Жалпы қала бойынша тазарту құрылғысымен жабдықталған тұрақты көздердің үлесі 8,1% (413) құрайды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, атмосфералық ауаға шығарылған зиянды заттардың жалпы көлемінің 77,5% газ тәрізді және сұйық, ал 22,5% қатты заттар құрайды.

Соңғы жаңалықтар