Астанада зорлық-зомбылық көргендердің әлеуметтік қызметтерге қолжетімдігін қамтамасыз ету мәселелері талқылануда

Шараға қатысушылар 2008 жылдың желтоқсанында қабылданған «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңымен байланысты мәселелер мен тағдыр тәлкегіне ұшырап, түрлі зорлық-зомбылық көрген адамдардың қоғамға қайта кірігуі сияқты және басқа да проблемалар төңірегінде өз ойларымен бөлісуде.
Конференция жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, мүдделі министрліктер өкілдері, қоғамдық және халықаралық ұйымдар өкілдері, сонымен қатар Ұлыбритания, Молдова, Сербия, Чехия, Ресей және Қазақстанның зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызмет көрсету орындарының мамандары қатысуда.
Конференция қорытындысы бойынша, мамандар аталған саладағы мәселелерді заңнамалық және құқықтық-нормативтік тұрғыда реттеу шараларын нақтылайтын бірқатар ұсыныстар қабылдайтын болады.