Астанадағы 66 жекеменшік мектептің бесеуі ғана қазақ тілінде білім береді

анон
Фото: М. Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаты

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының білім басқармасы Kazinform сауалына жолдаған жауабында елордадағы жеке меншік мектептердің оқыту тілі туралы мәлімет берді.

«Қаладағы 66 жеке меншік мектептің басым көпшілігі аралас тілді болса, 5-уі қазақ тілді, 15-і орыс тілінде оқытады», - делінген жауапта.

Сондай-ақ, ведомство жауабында жеке меншік мектептердің оқыту тілі ата-аналардың қалауына қарай айқындалатыны айтылған.

«Баласының жеке меншік мектепте оқығанын қалайтын ата-ана мектепті таңдау кезінде оның оқыту тіліне, оқу ақысына, оқыту бағытына байланысты таңдайды», - деп жазылған ресми мәліметте.

Соңғы жаңалықтар