Астанадағы алып шолу дөңгелегінде Абай Құнанбайұлының суреті тұр

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Астанадағы шолу дөңгелегіне портреті жарияланды. Бұл туралы елорда әкімдігі жазды.

Портрет Абая Кунанбайулы появился на колесе обозрения в Астане
Фото: Астана әкімдігі

LED жарықтандырудың көмегімен жасалған портреттің диагоналі 65 метрді құрайды және 53 мың пиксельден тұрады. Бұл ауқымды инсталляция қаланың әртүрлі орындарынан – Сарыарқа мен Тұран даңғылдарынан, сондай-ақ Қорғалжын тас жолы жағынан жақсы көрінеді.

Портрет Абая Кунанбайулы появился на колесе обозрения в Астане
Фото: Астана әкімдігі

Алдағы уақытта дөңгелекке ақынның қанатты сөздерін жариялау арқылы инсталляцияны толықтыру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Өзбекстанда Абайдың 180 жылдығы кеңінен тойланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар