Астанадағы аула клубында 300 бала үйірмелерге тегін қатыса алады
Астанадағы аула клубына 300-ден астам бала, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балалар тегін қатыса алады, деп хабарлайды Kazinform.
Республика күніне орай елордада «Түрлі - тең» инклюзивті аула клубы ашылды.
Клуб ай сайын 300-ден астам баланы қабылдай алады.
Клубтың ашылу салтанатына Есіл ауданы әкімі Асылбек Есенбаев, Respublica партиясының орталық аппараты басшысының орынбасары Игорь Копайлов, сондай-ақ, ерекше күтімді қажет ететін балалар және олардың ата-аналары мен ата-әжелері қатысты.

Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін клуб дойбы және шахмат үйірмелерін ұсынады.
Енді физиотерапия кабинетін ашу, йога және дартс сабақтарын өткізу, бейнелеу өнері, домбыра тарту және робототехника үйірмелерін ашуды жоспарлап отыр.
«Балалар — әрбір мемлекеттің болашағы, біз бүгін Республика күні қарсаңында Есіл ауданында төртінші аула клубын ашып отырмыз. Аула клубтары — балаларды тарту, қарым-қатынас және дамыту орталықтары. Біз ерекше білім беруді қажет ететін балаларға үлкен көңіл бөлеміз және мұндай бастамаларды әрдайым қолдаймыз», — деді Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев.
Айта кетсек, жобаның идеялық дем берушісі, бастамашысы және ұйымдастырушысы — Мұхтар Баймағұлов.
Еңбек ардагері, инженер-құрылысшы, «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының вице-президенті болған Рафаил Аблаков оған Абайдың қара сөздері жинағын сыйға тарта отырып:
«Өскелең ұрпақ — келешектің иесі. Сіздер, жастар, жалпы адамзаттық құндылықтарды бекітіп, дәріптеп, Қазақстанның гүлденуіне өз үлесіңізді қосатын азаматсыздар. Армандарыңыз орындалып, игі істеріңіз мұқтаж жандарға демеу болсын», — деді ақсақал.

Есіл ауданында барлығы үш аула клубы жұмыс істейді, оның екеуі Пригородный және Заречное елді мекендерінде орналасқан, сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған төрт орталық бар.