Астанадағы бірқатар орталық көше бойында автокөлік қоюға тыйым салынады

парковка
Фото: Астана әкімдігі

2-4 шілде аралығында Астанадағы бірқатар орталық көшелер бойында автокөліктерді қоюға тыйым салынады.

«Елордада 2-4 шілде аралығында ШЫҰ саммитін өткізу кезеңінде террористік қауіптіліктің „сары“ деңгейі енгізілуде. Мұндай деңгейдің енгізілуі, соның ішінде жекелеген аумақтарда көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына шектеулер енгізуді білдіреді.

Қаланың әкімшілік полиция басқармасы осыған байланысты «сары» деңгейдегі іс-қимыл кезеңінде тұрғындарға Мәңгілік ел даңғылы, Достық, Түркістан, Қонаев және Қабанбай батыр даңғылдарының бойында орналасқан тұрғын үй кешендерінің жанындағы автотұрақтарды пайдалануға тыйым салынады деп хабарлайды», — деп жазды Астана әкімдігінен.

Бұл ретте көліктерді аулалардың ішінде немесе жоғарыда белгіленген көшелерге параллельді/іргелес қоюға тыйым салынбайды.

Сондай-ақ бұл күндері қоғамдық көліктер осы көшелер бойымен жүрмейді. Тұрғындарға"CTS» әлеуметтік желілерінде жариялап, балама маршруттар ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар