Астанадағы Брусиловский көшесінің бір бөлігі жөндеуге жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Е. Брусиловский көшесі бойынша Кенесары көшесінен А. Иманов көшесіне дейін жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды.
Осы жылдың 30-31 мамыр аралығында жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты жоғарыда аталған учаске толығымен жабылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
