Астанадағы ЭКСПО шарында Қазақстан мен Өзбекстан туы бейнеленді

АСТАНА. KAZINFORM – Алыстан көз тартатын мұндай құрмет Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің Қазақстанға екі күндік мемлекеттік сапарына байланысты көрсетіліп отыр.

ЭКСПО шары
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайында қарсы алды.

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды.

ЭКСПО шары
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөз жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанның оңтүстіктегі іргелес көршісі Өзбекстанмен дипломатиялық қатынастары 1992 жылы 23 қарашада басталды. 1998 жылы 31 қазанда қос мемлекет мәңгілік достық туралы шартқа, 2013 жылы 14 маусымда стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойды.

ЭКСПО шары
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
ЭКСПО шары
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар