Астанадағы EXPO алаңында жаңажылдық шоу өтті

Жаңа жыл
Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

Астанадағы EXPO алаңында отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен жаңа жылдық шоу-бағдарлама ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Биыл алғаш рет Jibek Joly телеарнасы еліміздің басты алаңы— EXPO-да қалың көпшілікпен бірге 2023 жылды өткізіп, жаңа 2024 жылды қарсы алды. Жаңажылдық шоуға «Kalifarniya» және Amre сондай-ақ өзге де танымал қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты.

Жаңа жыл
Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

Көрермендер алдында бірінші болып барабаншылар шоуы өнер көрсетті.

Концертті аша отырып, жүргізушілер Әнуар Қарбозов пен Айнұр Иманғали мерекелік эфир біздің елордамыздың жүрегінен шыққанын және жаңа жыл келгенге дейін аз уақыт қалғанын атап өтті.

Жаңа жыл
Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

- Бүгін біз жаңа 2024 жылды қарсы алу үшін осында жиналдық. Қазақстандықтарға Jibek Joly телеарнасының көрермендеріне ең мейірімді және жағымды эмоциялар сыйлайық, - деді шоу жүргізушісі.

Жаңа жыл
Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

Концерт репертуарынан бірнеше ән орындаған танымал Amre орындаушысының қойылымынан басталды.

жаңа жыл
Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

Айта кетейік, EXPO алаңында Республиканың ең маңызды шыршасы орнатылған. Мұнда мерекелік концертті көріп, жаңа жылды қарсы алған халықтың қарасы көп. Көбі балалармен бірге келген.

Сол жерде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдық құттықтауын тыңдады.

Жаңа жыл
Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

Жаңа жылдық концерт Jibek Joly арнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Жаңа жыл
Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

 

 

Соңғы жаңалықтар