Астанадағы Grand Slam: қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына тағы 3 медаль салды

АСТАНА. KAZINFORM – Елордадағы Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржынына тағы 3 медаль түсті. 

Астанадағы Grand Slam: қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына тағы 3 медаль салды
Фото: ҰОК / Kazinform

Камила Берліқаш 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, алтын медаль үшін ресейлік Элис Старцевамен кездескен. Финалдық жекпе-жекте ресейлік спортшы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша, отандасымыз жарысты екінші орынмен аяқтады.

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Аида Тойшыбекова 78 келіден жоғары салмақта қола медаль үшін өткен белдесуде италиялық Тизиана Маринимен күресіп, қарсыласына есе жіберді. жарыс қорытындысы бойынша ол қола медальді қанағат тұтты. 

Тағы бір отандасымыз Айдар Арапов 90 келіге дейінгі салмақта жүлдегер атанды. Айдар қола медаль үшін өткен белдесуде нидерландтық Франк де Витпен күресті. Нәтижесінде жерлесіміз басым түсті. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы өз жерінде өтіп жатқан Grand Slam турнирін 8 медальмен аяқтады.

Бұдан бұрын дзюдошы Марат Байқамуров елордадағы Grand Slam турнирінде топ жарғанын хабарлаған едік.