Астанадағы индустриалды парктен қанша пайда түсіп жатыр

Астанадағы индустриалды парктен қанша пайда түсіп жатыр
Фото: kazpravda.kz

Елордадағы индустриалды парктен қала қазынасына миллиардтаған пайда түсіп, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр, деп хабарлайды Kazinform. 

«Қазіргі уақытта елордада екі арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Бірі – «Астана – жаңа қала» аумағы, 15,4 гектар, екінші – «Астана Технополис» аумағы, 653 гектар. Қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобалар 1-индустриялды парктің аумағында орналасқан. Бүгінде бұл алаң жалпы сомасы 322,6 миллиард теңге болатын 99 жобаны қамтиды. Оның ішінде 247,1 миллиард теңгеге 50 жоба пайдалануға берілді. Бүгінде 5,2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Жалпы құны 75,5 миллиард теңге болатын тағы 49 жоба іске асырылады. Оның 15,7 миллиард теңгесі қазірдің өзінде іске асырылып жатыр Алдағы үш жылда толық іске қосылады деп жоспарланған», – деді Астана қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Хәлел Әкімжанов қоғамдық кеңес отырысында.

Оның айтуынша, қазір индустриалды парктегі өндіріс көлемі 6,5 триллион теңгеге жетіп отыр.

«Оның ішінде экспорт – 106 миллиард теңге, салық аударымдары – 186,2 миллиард теңге. Қазір 1-ші индустриалды паркте 16 кәсіпорын құрылыс индустриясы саласында. Жеңіл өнеркәсіпте – 14, машина жасауда – 12, химия саласында – 4, тамақ өнеркәсібінде 1 кәсіпорын жұмыс істейді. Шетелдіктердің қатысу үлесі – 20%, 9 жоба. Экспорттық өнімді 12 кәсіпорын өндіреді», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар