Астанадағы Қараөткел көпірі бір айға жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қараөткел көпірінің Тәшенов көшесінен Қалқаман көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізілетінін хабарлады.

қараөткел көпірі
Фото: 2gis

Осыған байланысты 14 шілдеден 15 тамызға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады.

Бұл ретте автокөлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асады.

көпір
Фото: Астана әкімдігі

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз» деп ескертеді әкімдіктен.   

Соңғы жаңалықтар