Астанадағы қонақ үйдің бассейнінде жарақат алған әйелге өтемақы төленеді

Түркістан облысында 934 жұмысшыға өтемақыны төленбеген – прокуратура
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына жүгінген әйел елордадағы ірі ЖШС-не (қонақ үй) қатысты арыз түсіріп, жоғалтқан табысын, материалдық шығынды өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы талап қойған. Ақыры ол 1 млн 310 мың теңге өтемақыны өндіріп алды.

Бассейннің жұмысын қонақүй қызметтерін көрсететін ЖШС жүзеге асыратынын атап өткен жөн.
Қонақ үй бассейнінде жарақат алған әйелдің сан сүйегі сынған. Ол жарақат алған сәттен бастап, ұзақ уақыт емделген. Оған уақытша еңбекке жарамсыздық парағы ашылған.

ҚР СТ 2985-2017 «Хауыз қызметтері» халыққа қызмет көрсетудің ұлттық стандартында бассейн қызметтерін көрсету кезінде келушілердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі және олардың мүлкінің сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс. 

Олардағы тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп деңгейі ең аз болуы керек. Қызметтер қауіпсіздік шараларына сай болуға тиіс. Бассейнге бару және ондағы мінез-құлық ережелеріне сәйкес әкімшілік мінез-құлық ережелерін бұзған адамдарды бассейнге барудан айыруға құқылы.
Сотта анықталғандай, талап қоюшы бассейн аймағына арнайы резеңке аяқ киімсіз кіргізілген, салдарынан тайып құлап, дене жарақатын алған.

«Бұл жауапкер көрсеткен қызмет сапасының төмен екенін көрсетеді. Соның салдарынан оның денсаулығына зиян келген. Алайда, сот залал сомасын азайту қажет деп санады. Өйткені, бұл талап қоюшының бассейн аумағында тайғанамайтын аяқ киім киюге қатысты өрескел немқұрайлылығы деп танылған, ондай аяқ киім кию керек екені ережеде көзделмеген. Бұл оқиға ережеге сәйкес келушілерде арнайы резеңке аяқ киім болуын талап ететін бассейн аймағында болған. Осылайша, талап қоюшы бассейнді пайдалану ережесін бұзған. Демек, ережелерді елемей, залал келтіруге ықпал етіп, талап қоюшының өзінің өрескел немқұрайлылығы орын алған», - делінген Жоғары сот таратқан ресми ақпаратта.

Белгіленгеннен парасаттылық пен әділдік өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып, сот материалдық залалды өтеу мөлшерін талап қоюшының кінәсінің дәрежесіне тең қылып азайтқан.

Талап қою ішінара қанағаттандырылды: ЖШС-нен талап қоюшының пайдасына 1,1 млн теңге жоғалған табыс және 160 мың теңгеден астам дәрі-дәрмек және әуе билетін сатып алуға кеткен шығын өндірілді.

Жауапкердің қызмет көрсету кезінде талап қоюшының денсаулығына зиян келтірудегі кінәсі ішінара деп танылғандықтан, 50 мың теңге моральдық зиянды өтеу туралы талап ішінара қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар