Астанадағы мектеп-лицейге Талғат Бигелдиновтің есімі берілді

талғат бигелдинов
Фото: ашық дереккөзден

Елорданың ономастика комиссиясы № 1 мектеп-лицейге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтің есімін беру шешімі қабылданды, деп хабарлайды Кazinform.

Қорғаныс министрлігінен мәлім еткендей, мектеп-лицейде сондай-ақ, Талғат Бигелдинов атындағы кабинет ашылды. Бұл жерге ұшақтардың үлгілері, фотосуреттер және ұшқыштың марапаттарының көшірмелері қойылды.

мектеп
Фото: Қорғаныс министрлігі

Салтанатты рәсімге келген Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов пен ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров мектептің кіре берісінде лента қиды.

«Талғат Бигелдиновтың бүкіл ғұмыры ерлікке толы болды. Оның жарқын есімі халық жадында мәңгі сақталып, Тәуелсіз Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылары сөзсіз. Ол нағыз аңыз адам еді», – деді министрдің орынбасары.

Көк аспанды бағындырған әйгілі ұшқыш әуе шайқастарында жаудың ұшақтарын жайратқаны үшін 24 жасында Кеңес Одағының Батыры атанды. Батыр жауынгерлік миссиямен 305 мәрте ұшып, қарсыластың бірнеше ұшағын атып түсірген. Соғыстан кейін Талғат Бигелдинов КСРО Әскери-әуе күштері мен азаматтық авиацияда қызметін жалғастырды.

мектеп
Фото: Қорғаныс министрлігі

 

Соңғы жаңалықтар