Астанадағы Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында 4 Олимпиада чемпионы бақ сынайды

ОРАЛ. KAZINFORM – Астанада 9-11 мамыр күндері дзюдодан әлемдік рейтингілік «Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирі өтеді.

Астанадағы Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында 4 Олимпиада чемпионы бақ сынайды
Фото: IJF

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, әлемнің кіл мықтыларын жинайтын бұл бәсекені көрермендер Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында тамашалай алады. 

Елімізде биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған байрақты додаға әлемнің 50 елінен 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Олардың арасында Олимпиада чемпиондары Рафаэла Силва (Бразилия, 63 кг), Беатрис Соуза (Бразилия, +78 кг), Барбара Матич (Хорватия, 70 кг) және Олимпиадада екі дүркін жеңімпаз атанған Таканори Нагасэ (Жапония, 81 кг) бар. 

Қазақстан да мықты құрамын бәйгеге қоспақ. 

Астана жарысы Мажарстанда 13-20 маусымда өтетін әлем чемпионаты алдындағы қорытынды турнир болмақ. 

Аталмыш доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1 мың, күміс жүлдегерге – 700, ал қола алғандарға 500 ұпай есептеледі. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әбиба Әбужақынованың Тәжікстанда өтетін Grand Slam жарысына қатысатынын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар