Астанадағы Сығанақ пен Түркістан қиылысы уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ пен Түркістан көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті. 

Астанада бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: gov.kz

Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты 26 маусым күні сағат 20:00-ден 27 маусым сағат 20:00-ге дейін жоғарыда аталған қиылыс толығымен жабық болады. 

Көше
Фото: Астана әкімдігі

Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.