Астанадағы жаңадан құрылған алтыншы аудан қалай аталады?

Астанадағы жаңадан құрылған алтыншы аудан қалай аталады?
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада жаңадан алтыншы аудан құрылды. Бүгін оның атауы қалалық қоғамдық кеңесте бірауыздан мақұлданды.

Сонымен, ономастикалық комиссияның отырысына 4 нұсқа ұсынылған.

«Жерұйық, Тұран, Сауран және Сарайшық. Соңғысы жазушылар мен тарихшылардың да көңілінен шығып, көпшілік сол атауға тоқтаған. Себебі қазақ хандығының астанасы болған жер. Мәдениеттен бөлек, саяси және сауда орталығы ретінде тарихтан белгілі. Тіпті, кәріздік жүйелеріне дейін қалыптасқан өркениетті мекен. Сондықтан Сарайшық атауы қолдау тапты», - дейді Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.

Оның айтуынша, Алматы ауданы екіге бөлініп, жаңа аудан құрылды. Жаңа ауданды тарихи, идеялық әрі мазмұны жағынан айшықтау керек.

«Сарайшықты таңдап алдық. Себебі Сарайшық – қазақ даласындағы ең көне тарихи орын. 12 әулие байыз тапқан. Жүзден аса хан билік құрған. Жеті ханның сүйегі мен бір ханның басы жерленген. Оның үстіне Астананың Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра, Сарыарқа атты 5 әкімшілік бөлінісі еліміздің әр өңірінен сыр шертсе, Сарайшық Батыс атыраппен байланысты. Осылайша төрт құбыла түгенделіп тұр», - дейді басқарма басшысы.

                                                                                                                                                                                                                                               Нысаналы ЫҒЫЛ

Соңғы жаңалықтар
telegram