Астанадағы Жансүгіров көшесінің учаскесі уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM - Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы І. Жансүгіров көшесі бойынша Абылай хан даңғылынан Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті. 

Астанадағы Жансүгіров көшесінің учаскесі уақытша жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына байланысты 8 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 9 қыркүйек күні сағат 06:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады.

Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған өңірлер шеруі өткенін жазған едік.