Астанадағы жәрмеңкеде 30-дан астам бос жұмыс орны ашылды
АСТАНА. KAZINFORM – Ашық есік күні аясында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс Министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Гоэскпертиза» РМК-да бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкені «Мемсараптама» РМК Бас директоры Тимур Қарағойшин құттықтау сөзімен ашты. Ол өз кезегінде аталған іс-шараның мақсаты сарапшылар лауазымына кандидаттарды тұрақты жұмысқа іріктеу және жұмысқа орналастыру, сондай-ақ кадрлық резервті қалыптастыру екенін атап өтті.
Іс-шараға елордалық халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері де қатысты. Жәрмеңке қатысушыларына ашық бос лауазымдарға тұрақты жұмысқа орналасудың мүмкін нұсқаларымен танысу ұсынылды.
Бүгінгі таңда кәсіпорын өндірістік бөлімнің, сондай-ақ қала құрылысы сараптамасы және конструкторлық сектор бөлімдерінің, әдіснаманың, «сметалық құжаттама», «инженерлік желілер мен жүйелер», «сәулет және бас жоспар» бөлімдерінің білікті сарапшыларын іздейді.
Айта кету керек, бұл бос жұмыс орындар «Мемсараптама» РМК орталық аппаратында және кәсіпорын филиалдарында ұсынылған.
Сонымен қатар іс-шара барысында қатысушыларға кәсіпорынның бизнес-процесі, кәсіпорында көзделген әлеуметтік кепілдіктер берілді. Сондай-ақ үміткерлер үшін экскурсия және ұйымның қызметімен танысу өткізілді.
Ашық бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен толығырақ www.gosexpertiza.kz сайтына кіру арқылы танысуға болады.