Астанадағы №108 сайлау учаскесінде бүгін туған күні болған сайлаушыға сыйлықтар табыс етілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана медициналық университетінде орналасқан №108 сайлау учаскесінде бүгін туған күні болған сайлаушыға сыйлықтар табыс етілді.

Астанадағы №108 сайлау учаскесінде бүгін туған күні болған сайлаушыға сыйлықтар табыс етілді

Туған күн иесі Нұрсұлу Оспанованың айтуынша, бұл оның өміріндегі ең есте қаларлық туған күн болды.

"Бүгінгі сайлау науқаны менің туған күніммен тұспа-тұс келгеніне өте қуаныштымын. Бүгінгі сайлауда барлығымыз дұрыс таңдау жасайтынымызға сенімдімін. Өйткені біздің бүгінгі таңдауымыз жарқын болашағымыздың кепілі болмақ", - дейді Н.Оспанова.

Аталған сайлау учаскесіне сайлаушылар өте көп жиналыпты. Учаске төрағасы Айтбек Кәрібжановтың айтуынша, учаскеге 2941 адам тіркелген. Таңертеңнен бері 600-ден астам адам дауыс берді.

"Өздеріңіз көрдіңіздер, биыл сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары. Сайлаушылардың көбі жастар. Олар таңертеңнен бастап осында келіп, жауапкершілікті түрде дауыстарын беруде", - дейді А.Кәрібжанов.