Астанадағы 112 құтқару қызметіне тәулік ішінде мыңға жуық қоңырау шалынады
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордалық құтқару қызметіне тәулік ішінде 1 мыңға жуық қоңырау келіп түседі. Бұл туралы astana.kz сайтына ТЖД 2013 жылдың қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.
«Төтенше жағдайларды жоюға келсек, тәулік ішінде 112 нөміріне (осы қызметке арнайы берілген нөмір, себебі әр бала 5-ке дейінгі санды жеңіл есте сақтайды) 1 мыңға жуық қоңырау келіп түседі. Адамдар әсіресе, көктемде, қар ерігенде жиі хабарласады. Тәулігіне 1300-1400 қоңырау тіркелген кездер де болды. Біз әр қоңырау бойынша әрекет етеміз. Жалған хабарламалар да болады, 15-20% балалардың сотқарлығынан жасалады. ІІД-мен бірлесіп жалған қоңыраулар санын азайтуға бағытталған іс-шаралар әзірленіп жатыр», - деді елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мейрам Ысқақов.
Айта кетейік, Департамент бөлімшелері дабыл бойынша 2313 шақыруға шыққан, бұл 2012 жылдың (2814) сәйкес мерзімімен салыстырғанда 21% кем. Орындалған жұмыстардың нәтижесінде 348 адам құтқарылып, 2793 қауіпсіз жерге көшірілді. Қабылданған іс-шараларға қарамастан төтенше жағдайлар салдарынан 85 адам көз жұмып, 246 зардап шекті. Ведомствоның хабарлауынша, төтенше жағдайлардың басым бөлігін өрттер (70-80%) құрайды