Астанадағы 14 қабатты үйде болған өрттен 70 адам қауіпсіз жерге көшірілді

None
None
АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Астана қаласының Сарыарқа ауданында орналасқан 14 қабатты үйде 6 шілде күні сағат 17:09-да бірінші қабаттың саты алаңында электр кабелі өртене бастады. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Жалын сағат 17:53-те ауыздықталып, 17:58-де жойылды. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қаласындағы өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 22 адамы мен 4 техника бірлігі және ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасының орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Өрт аумағы 2 шаршы метрді құрады. 8 адам құтқарылды, 70 адам көшірілді, олардың ішінде үш бала болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар
telegram